Adana Adıyaman Afyon Ağrı Aksaray Amasya Ankara Antalya Ardahan Artvin Aydın Balıkesir Bartın Batman Bayburt Bilecik Bingöl Bitlis Bolu Burdur Bursa Çanakkale Çankırı Çorum Denizli Diyarbakır Düzce Edirne Elazığ Erzincan Erzurum Eskişehir Gaziantep Giresun Gümüşhane Hakkari Hatay Iğdır Isparta İstanbul İzmir K.Maraş Karabük Karaman Kars Kastamonu Kayseri Kırıkkale Kırklareli Kırşehir Kilis Kocaeli Konya Kütahya Malatya Manisa Mardin Mersin Muğla Muş Nevşehir Niğde Ordu Osmaniye Rize Sakarya Samsun Siirt Sinop Sivas Şanlıurfa Şırnak Tekirdağ Tokat Trabzon Tunceli Uşak Van Yalova Yozgat Zonguldak
İstanbul °C

Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті

Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті
30.11.2022
A+
A-

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар

Халықаралық қоғамдастық

Мемлекет басшысы Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кездесті

2022 жылғы
Франция, Париж қаласы

Парижге ресми сапармен келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Келіссөзге дейін Елисей сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтті.

 

Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Францияға ресми сапармен келуге шақырғаны және Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануына орай құттықтағаны үшін Эмманюэль Макронға алғыс айтты.

Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтып, қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеруге зор мүмкіндік беретінін атап өтті.

 

 

Франция 2005 жылдан бері Қазақстан экономикасына жалпы көлемі 17 миллиард доллар инвестиция құйып, ең ірі бес инвестор елдің қатарына кірді. Соңғы 9 айда екіжақты тауар айналымы 2,5 миллиард долларға жетті. Бұл былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6,1 пайызға жоғары. Францияның Орталық Азия елдерімен жасаған сауда-саттығының 90 пайызы Қазақстанға тиесілі. Екі мемлекет энергетика, тау-кен өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, құрылыс, аэроғарыш, машина жасау, денсаулық сақтау және тамақ өнеркәсібі салаларында тиімді жобаларды бірлесіп жүзеге асырып келеді. Қазақстанда 170-тен астам франциялық компания мен бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың арасында экономикамыздың жетекші инвесторлары саналатын Total Energies, Air Liquide, Airbus, Alstom, Orano және Danone секілді компаниялар бар. Былтыр елдеріміз Сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың 2030 жылға дейінгі жол картасын бекітті.

 

Келіссөз барысында Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық жаңғыру үдерісі жөнінде айтты.

Өз кезегінде Эмманюэль Макрон Қазақстан Францияның стратегиялық серіктесі екенін атап өтті. Екі ел арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Энергетика саласында бірлескен жобалар жүзеге асырылып жатыр. Еуропалық Одақ Қазақстандағы түрлі жобаларға инвестиция салып келеді.

 

 

Сонымен қатар Эмманюэль Макрон 2024 жылы Қазақстанда француз тілінде оқытатын жаңа мектептер ашылатынын айтты. Франция Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформаларға қолдау білдірді.

Тараптар екі елдің білім және мәдениет салаларындағы байланыстарын нығайту жөнінде пікір алмасып, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді және Орталық Азия өңіріндегі жағдайды талқылады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

 

 

 

 

 

Кері қайту Кері қайту

kaynak:https://akorda.kz/kz/memleket-basshysy-franciya-prezidenti-emmanyuel-makronmen-kezdesti-2910158

 

 

REKLAM ALANI
YORUMLAR

Henüz yorum yapılmamış. İlk yorumu yukarıdaki form aracılığıyla siz yapabilirsiniz.